
Қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде Ахмат командасының қатарына қосылды. Клуб пен ойыншы 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойды.
2003 жылы Таразда дүниеге келген Кенжебек футболдағы алғашқы қадамын алматылық Қайрат академиясында жасады. Кәсіби деңгейдегі дебютін 2020 жылы осы клуб сапында өткізді. Кейін Мақтарал, Жеңіс, Кипрдің Акритас Хлоракас, Словакияның Кошице клубтарында өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасында алғашқы ойынын 2024 жылы өткізген футболшы қазірге дейін 6 матчқа қатысып, бір гол соқты. Ол сонымен қатар 17, 19 және 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар құрамаларының да мүшесі болған.



