БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

София Актаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алды

Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі София Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы рапирамен семсерлесу бағдарламасында екінші орынға тұрақтады. Жартылай финалда София Актаева Қытай өкілі Ху Бейниді 15:8 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Ал финалдық кездесуде қазақстандық семсерлесуші Ресей спортшысы Стефания Часовниковамен жолығып, тартысты өткен бәсекеде 11:15 есебімен қарсыласына жол берді.

Осылайша, София Актаева жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button