БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионатын үшінші мәрте жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы блицтен әлем чемпионаты Доха қаласында өтті. 21 жастағы қазақстандық шахматшы турнир барысында тұрақты әрі сенімді ойын көрсетіп, шешуші кезеңдерде қарсыластарынан басым түсті.

Бибісара Асаубаева алдымен швейцариялық жүйе бойынша өткен 15 турдың қорытындысында бірінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол қытайлық Чжу Цзиньэрді қатарынан үш партияда жеңіп, финалға шықты.

Финалда қазақстандық шахматшы украиналық Анна Музычукпен кездесіп, алғашқы үш партияда тең нәтиже тіркелді. Ал шешуші төртінші партияда Бибісара қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атағын өзіне қайтарды.

Осылайша Бибісара Асаубаева Қазақстан тарихында блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы шахматшы болды. Ол бұған дейін 2021 және 2022 жылдары да әлем чемпионатында топ жарған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button