
Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Дакка қаласында өткен халықаралық турнирде чемпион атанды.
Отандасымыз жекелей сында сенімді өнер көрсетті. Финалдық кездесуде Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданды үш сетке созылған тартысты матчта 2:1 есебімен жеңді — 21:17, 14:21, 21:10.
Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық спортшы тағы бір малайзиялық қарсыласы Конг Чжоу Суинді 2:0 есебімен ұтқан болатын.
Бұл жеңіс Дмитрий Панариннің халықаралық деңгейдегі нәтижелерін одан әрі нығайта түсті.



