ММА
Жалғас Жұмағұлов Чехияда чемпиондық белдік үшін айқасады

28 желтоқсанда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (18–9) Чехияда өтетін Oktagon 81 турнирінде чемпиондық жекпе-жек өткізеді. Бұл лига «еуропалық UFC» атауымен танымал.
Прага қаласындағы кештің басты айқастарының бірінде Жұмағұлов чехиялық спортшы Давид Дворжакпен кездеседі. Тараптар жеңіл салмақтағы лига чемпионы атағын сарапқа салады.
Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады. Трансляцияны промоушнның ресми сайтынан көруге болады.



