
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Baku турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Отандасымыз америкалық Чарльз Джонсонмен (19-8) кездесті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің үшінші бөлігінде Алмабаев қарсыласына аяғына ауырту әдісін сәтті қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби ММА мансабындағы 24-жеңісін тіркеді. Сонымен қатар бұл оның UFC ұйымындағы сегізінші жекпе-жегіндегі жетінші жеңісі болды. Қазіргі таңда Асу Алмабаевтың UFC-дегі рекорды – 7 жеңіс және 1 жеңіліс.



