АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Қазақстандық ауыр атлеттер Бішкектегі халықаралық турнирде төрт алтын олжалады

Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен ауыр атлетикадан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құраманың қоржынында төрт алтын және бір күміс медаль бар.
Алтын жүлдені Ақмолда Сайрамкез (65 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Сания Орманбаева (86 келіге дейін) және Ақерке Байманап (86 келіден жоғары) жеңіп алды.
Ал Марта Давлетиярова 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді жоғары нәтижемен аяқтап, аймақтағы басты фавориттердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.



