БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Дмитрий Панарин Бангладештегі бадминтон турнирінің финалына жолдама алды

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде финалға шықты.

Жекелей сындағы жартылай финалда қазақстандық спортшы Малайзия өкілі Кон Джон Суинді 2:0 есебімен жеңді — 21:17, 21:18.

Алтын жүлде үшін шешуші кездесуде Панарин тағы бір малайзиялық бадминтоншы Мохаммад Рушданмен кортқа шығады. Турнир Бангладеш астанасында жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button