БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Амир Закиров брейкингтен әлем чемпионы атанды

Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Амир Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

B-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші бәсекеде АҚШ спортшысы Мигель Росарионы (b-boy Gravity) айқын басымдықпен жеңді. Қола жүлде Ресей өкілі Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды.

Айта кетейік, Амир Закиров 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, ширек финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орын алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button