
Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Германияда өткен кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз қылыш сайысында барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда Германия спортшысы Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.
Осылайша Айбар Қайым кезекті мәрте халықаралық деңгейдегі жарыста топ жарды. Айта кетейік, бұған дейін ол Әлем кубогы кезеңдерінде екі рет жеңіске жеткен болатын.



