ISU Қазақстан шорт-трекшілерінің Олимпиада жолдамаларын ресми түрде бекітті

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына арналған шорт-трек бойынша квоталардың толық тізімін жариялады. Іріктеу серияларының қорытындысы бойынша Қазақстан төрт спортшыны жолдамаға ие болды.
Ерлер құрамасы 500 метрлік дистанцияда екі спортшыны, ал 1000 метрде бір спортшыны жарысқа қоса алады. Әйелдер арасында 500 метрде екі, 1000 метрде бір және 1500 метрде екі спортшы қатысу мүмкіндігіне ие.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы аралас эстафета сайысына да қатысу құқығын алды.
ISU және Халықаралық Олимпиадалық комитетінің талаптарына сәйкес, жолдамалар нақты спортшыға емес, елге тиесілі болып табылады. Олимпиадаға баратын финалдық тізімді бапкерлер құрамы анықтайды.
Белгіленген уақыт ішінде ұлттық федерация жарыстарға қатысатынын ресми растауы тиіс. Осы рәсім аяқталғаннан кейін квоталар толық бекітіліп, Олимпиадаға аттанатын спортшылардың есімі белгілі болады.


