
Бүгін АҚШ астанасы Вашингтонда футбол жанкүйерлері тағатсыз күткен маңызды оқиға өтеді — 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңінің жеребесі тартылады.
Салтанатты рәсім Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Жеребе «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл мундиаль бірнеше ерекшелігімен тарихқа енеді:
🔹 Алғаш рет — 48 құрама
Чемпионат форматы кеңейтіліп, 48 команда сынға түседі.
Әр топтан алғашқы екі орын, сондай-ақ үшінші орын алған 12 құраманың ішінен үздік 8 команда 1/16 финалға жолдама алады.
🔹 Чемпионат ұзақтығы
Дүбірлі дода 11 маусым – 19 шілде аралығында, яғни 39 күн өтеді.
🔹 Үш ел бірдей қабылдайды
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады.
🌍 Қатысушы құрамалар себеттері
Бүгінгі күнге дейін 42 құрама анықталған. Қалған бес жолдаманы келесі жылы өтетін плей-офф ойындары шешеді.
1-себет (топ басшылары):
Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Бельгия, Германия.
2-себет:
Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Аустрия, Аустралия.
3-себет:
Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Қатар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка.
4-себет:
Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити, Жаңа Зеландия,
Еуропа плей-офф жолдары (А, В, С),
Құрлықаралық өтпелі ойындар (2 бағыт).



