
46 жасында «Қайрат» футбол клубы Академиясының жетекшісі Кирилл Кекер күтпеген жағдайда дүниеден озды.
Кирилл Сергеевич клуб жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етті. Әр кезеңде маңызды міндеттерді атқарған маман 2022–2024 жылдары «Қайраттың» негізгі құрамын жаттықтырды. 2025 жылы Академияға жетекшілік етіп, сонымен қатар Қазақстанның U-19 құрамасын басқарды.
Кекер өз жұмысымен жастарды тәрбиелеуге, жаңа буын футболшыларының қалыптасуына үлкен үлес қосқан бапкер ретінде есте қалады.



