ТЕННИС

Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

17 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистың Монастир қаласында өтетін ITF сериялы турнирде ширек финалға жолдама алды.

Екінші кездеcуде ол швейцариялық Ноа Лопесті 6:4, 6:0 есебімен жеңді.

Ширек финалда Омарханов үндістандық Чираг Духанға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Әмір Омарханов бір апта бұрын осы қалада өткен ITF M15 турнирінде жеңіске жетіп, ересектер арасындағы алғашқы титулын иеленген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button