ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

2026 жылғы Милан қысқы Олимпиадасының алауы жағылды

2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми алауы жағылды. Бұл туралы olympics.com хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты салтанатты рәсім Грециядағы Олимпия археологиялық мұражайында өтті. Шара барысында 24 қарашада ежелгі Олимпиядағы Гера ғибадатханасында Бас діни қызметкердің алауды тұтандырған сәті бейнежазба арқылы көрсетілді.

Олимпиада алауы тұтандырылғаннан кейін эстафета алдымен Греция аумағында өткізіліп, 4 желтоқсанда Афинада алау Милан қысқы Олимпиадасының ұйымдастыру комитетіне ресми түрде табысталады.

Ұйымдастыру комитетінің жоспарына сәйкес, алау эстафетасы 2025 жылдың 6 желтоқсанынан 2026 жылдың 6 ақпанына дейін созылады. Маршруттың жалпы ұзындығы — 12 000 шақырым. Осы уақыт ішінде алау Италияның барлық 20 аймағын, 110 провинциясын аралап, 300-ден астам елді мекен мен 60 қалада арнайы мерекелік іс-шаралар өтеді.

Олимпиада алауын жағу — ежелгі Олимпия рухының қазіргі заманғы Олимпиада ойындарына жалғасуын білдіретін символикалық рәсім. 1936 жылдан бері бұл дәстүр Олимпиада қозғалысының ажырамас бөлігіне айналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button