ФУТБОЛ
«Қайрат» U19 командасы алғашқы ұпайына қол жеткізді

UEFA Youth League турнирінің 5-туры аясында «Қайрат» U19 командасы «Копенгаген» жастарымен 2:2 есебімен тең түсті.
Алматылықтардың сапынан Мансұр Бірқұрманов пен Рамазан Бағдат гол соқты. Азамат Тұяқбаев бір нәтижелі пасымен көзге түсті.
Бұған дейін «Қайрат» жастар командасы «Спортингке» (2:3), «Реалға» (1:4), «Пафосқа» (1:3) және «Интерге» (0:3) жол берген болатын.



