ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстандық биатлоншылар IBU кубогы кезеңіне қатысады

Аустрияның Обертиллиах қаласында өтетін IBU кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі жарияланды. Алдағы жарыста ел намысын тоғыз спортшы қорғайды.
Құрамға Александр Мухин, Данил Червенко, Егор Гребенщиков, Ержанат Қуандық, Никита Акимов, Дарья Климина, Адима Қуанышбекова, Лаура Киныбаева және Алина Скрипкина кірді.
IBU кубогының бұл кезеңі 4 желтоқсанда басталады.



