ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Софья Самоделкина Хорватиядағы халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Загребте өтетін «Челленджер» сериясының кезеңіне қатысады. Спортшының есімі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы жариялаған ресми қатысушылар тізіміне енгізілген.
Жарысқа жалпы 49 спортшы қатысады, қосымша бес мәнерлеп сырғанаушы резервтік тізімде тұр. Турнир 3-6 желтоқсан күндері аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, Софья Самоделкина жуырда Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленген болатын.



