ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалына жолдама алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров биылғы маусымдағы Гран-при сериясының финалына өтті.

Хельсинкиде (Финляндия) өткен ерлер арасындағы Гран-при кезеңінің соңғы жарысында жапониялық Юма Кагияма топ жарды. Осы кезеңнен кейін финалға қатысатын алты спортшының есімі белгілі болды.

Михаил Шайдоров маусым бойы 24 ұпай жинап, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады. Осы нәтижемен қазақстандық спортшы Гран-при финалына алғаш рет жолдама алды.

Гран-при финалына өткен спортшылар:

  1. Никита Малинин (АҚШ) — 30 ұпай

  2. Юма Кагияма (Жапония) — 30 ұпай

  3. Шун Сато (Жапония) — 28 ұпай

  4. Адам Сяо Хим Фа (Франция) — 26 ұпай

  5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 24 ұпай

  6. Дэниэль Грассль (Италия) — 20 ұпай

Басқа жаңалықтар

Back to top button