БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Ташкентте (Өзбекстан) өткен қылыш қаруымен семсерлесу жарысында ұлттық құрама қос күміс жүлдеге қол жеткізді, екеуі де командалық сайыстан бұйырды.

Қыздар құрамасы — Қайша Жәнібек, Наргиз Сайдуллаева, Адема Серікбай және Адиля Рсалина — финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.

Ұлдар құрамасы да дәл осындай нәтижеге жетті. Нұрмұхаммед Жайлыбай, Сұлтан Станбек, Қанат Шерім және Ерхан Қараман командалық жарыста екінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, осыған дейін кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Айбар Қайым чемпион атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button