ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде күміс медаль иеленді

Қазақстанның жетекші мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады.

Қысқа бағдарламада Шайдоров үшінші орынға табан тіреді. Еркін бағдарламада ол 161,42 ұпай жинап, барлық қатысушылардың арасынан үздік нәтиже көрсетті.

Екі бағдарламаның қосындысы бойынша спортшымыз 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Жарыстың чемпионы атанған француз мәнерлеп сырғанаушысы Кевин Аймоз 253,53 ұпай алды. Қола жүлдені жапониялық Казуки Томоно (245,57 ұпай) иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button