ТАЕКВОНДО
Таеквондо: Камила Аймұқашева Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды


Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль иеленді.
Спортшы 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды.
Үшінші орын үшін өткен шешуші кездесуде Аймұқашева Гамбия спортшысы Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен ұтты.