
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден күміс жүлдеге қол жеткізді.
Спортшылар 4×100 метрге еркін стильде эстафета жарысында екінші орын алды.
Қазақстан намысын Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов, Глеб Коваленя және Даниил Черепанов қорғады.
Жарыстың жеңімпазы — Түркия құрамасы, ал Өзбекстан үздік үштікті қорытындылады.



