
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Софья Сподаренко алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында барлық қарсыласынан озып шықты.
Софья қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті. Екінші орынды түркиялық Дефне Таниг (1:02.05), ал үшінші орынды оның отандасы Сехер Кая (1:02.42) иеленді.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Исламиада-2025 ойындарындағы маңызды жетістіктерінің бірі болды.



