
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Хорватия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Кездесу Хорватияның Неделище қаласында өтті.
Бауыржан Сағындық баптайтын қазақстандықтар матчтың басынан белсенді ойын көрсетіп, Ислам Рақым мен Расул Акимовтің голдарының арқасында жеңіске жетті. Ал қарсылас тараптан Юрай Фриган пенальтиден бір гол соқты.
Ойын соңында хорваттар тағы бір пенальти орындау мүмкіндігін иеленді, алайда Лука Бартолович допты қақпаға дарыта алмады.
Келесі ойында Қазақстан U-17 құрамасы 14 қараша күні Нидерланд командасына қарсы алаңға шығады.
Хорватия U-17 – Қазақстан U-17 – 1:2
Голдар: Фриган 33 (пен.) – Рақым 2, Акимов 45.



