АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Аянат Жұмағали Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали екі қола медаль иеленді.

Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, серпе көтеруде 128 келіні еңсеріп үшінші орын алды. Қоссайыс қорытындысында да 221 келі нәтижесімен тағы бір қола медаль жеңіп алды.

Ал жұлқа көтеру жаттығуында Аянат 93 келіні көтеріп, бесінші орынға табан тіреді.

Осылайша, қазақстандық спортшы Исламиадада ел қоржынына екі бірдей қола жүлде салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button