Спорт Министрі | Қысқы Олимпиаданың басталуына 100 күн қалды
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қысқы Олимпиаданың басталуына 100 күн қалды

XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Бұл жолы Италия өз тарихында төртінші рет Олимпиаданы қабылдайды. Мұндай шешім 2019 жылы 24 маусымда Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Лозаннадағы 134-сессиясында қабылданған.

Милан қаласы алғаш рет Олимпиада ойындарын өткізеді, ал Кортина-д’Ампеццода бұған дейін — 1956 жылы қысқы Олимпиада ұйымдастырылған болатын.

2026 жылғы Олимпиаданың ресми талисмандары — Тина мен Мило. Олардың бейнесін италиялық мектеп оқушылары әзірлеген. Байқауға барлығы 1600-ден астам дизайн ұсынысы түскен.

Ойындар бағдарламасына 16 спорт түрі енгізілген, барлығы 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қатысушылар саны 3500 спортшыдан асады деп күтілуде.

Олимпиада спорт түрлеріне биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, фристайл, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, ски-альпинизм, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек кіреді.

Айта кетерлігі, ски-альпинизм алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енгізілмек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button