
Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері өтеді.
Жарыстың соңғы күнінде 10 салмақ дәрежесінде ел чемпионы анықталады.
Финал жұптары:
🥊 50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе) – Даниял Сәбит (БҚО)
🥊 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда) – Сәкен Бибосынов (Түркістан)
🥊 60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл) – Серік Теміржанов (Павлодар)
🥊 65 келі: Ертуған Зейнулинов (Алматы) – Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау)
🥊 70 келі: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды) – Фарух Тоқтасынов (Алматы)
🥊 75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қарағанды) – Тимур Нұрсейітов (Астана)
🥊 80 келі: Ерасыл Жақпеков (Абай) – Диас Молжігітов (Жамбыл)
🥊 85 келі: Дәулет Төлемісов (Ақтөбе) – Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы)
🥊 90 келі: Сағындық Тоғамбай (Түркістан) – Нурмагамед Юсупов (Қарағанды)
🥊 +90 келі: Нұрлан Сапарбай (Түркістан) – Аслан Елдібайұлы (Қызылорда)
Финалдық бәсекелер қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталмақ.
Жарыстың тікелей көрсетілімін QAZSPORT телеарнасы ұсынады.



