Спорт Министрі | Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды
ТЕННИС

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

1/8 финалда қазақстандық спортшы украиналық Даяна Ястремскамен кездесіп, тартысты үш сет ойнады. Алғашқы сетте Рыбакина жеңіске жетсе, екіншісінде қарсыласы басым түсті. Ал шешуші үшінші сетте Елена 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Келесі кезеңде Рыбакина аустралиялық Айла Томляновичпен жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button