ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен Әлемдік турдың жартылай финалына шықты

Канададағы Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі өтіп жатыр.
Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаның іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандықтар Канада мен Польша құрамаларының артынан келіп, үшінші орынды иеленді. Тікелей келесі кезеңге екі команда өткендіктен, біздің спортшылар уақыт көрсеткіші бойынша АҚШ құрамасымен бірге жартылай финалға шықты.
Жартылай финалдық сайыс 18 қазан күні өтеді.