Конькимен жүгіру: Қазақстан құрамасының әлем кубогы алдындағы құрамы бекітілді

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогы мәресіне жетті. Турнир нәтижесі бойынша бапкерлер штабы әлем кубогының іріктеу кезеңдеріне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Ерлер:
500 метр: Евгений Кошкин, Алтай Жәрдембекұлы, Артур Ғалиев, Никита Важенин
1000 метр: Артур Ғалиев, Алтай Жәрдембекұлы, Роман Биназаров
1500 метр: Роман Биназаров, Александр Кленко
5000/10000 метр: Виталий Щиголев, Вадим Якубовский
Масс-старт: Андрей Зуев, Вадим Якубовский, Виталий Щиголев, Нұралы Ақжол
Командалық жарыс: Виталий Щиголев, Вадим Якубовский, Нұралы Ақжол, Андрей Зуев
Әйелдер:
500 метр: Кристина Силаева, Надежда Морозова, Инесса Шүмекова, Арина Ильященко
1000 метр: Надежда Морозова, Кристина Шүмекова, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Арина Ильященко
1500 метр: Надежда Морозова, Кристина Шүмекова, Елизавета Голубева, Арина Ильященко, Мария Деген
3000/5000 метр: Надежда Морозова, Кристина Шүмекова, Елизавета Голубева, Мария Деген
Масс-старт: Елизавета Голубева, Мария Деген, Кристина Шүмекова, Арина Ильященко
Командалық жарыс: Надежда Морозова, Кристина Шүмекова, Елизавета Голубева, Арина Ильященко, Мария Деген
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар төрт Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша үлестіріледі.
Бірінші кезең 14–16 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді, екінші кезең 21–23 қараша аралығында Канаданың Калгари қаласында ұйымдастырылады.
Үшінші кезең Нидерландтың Херенвен қаласында 5–7 желтоқсан аралығында өтсе, төртінші кезең 12–14 желтоқсанда Норвегияның Хамар қаласында өтеді.