
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен матчта Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең ойнады.
Кездесуде алғашқы болып қазақстандықтар есеп ашты — 54-минутта Қараман көзге түсті. Алайда 74-минутта Энис Барди таразы басын теңестірді.
Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 7 ұпай болды, команда өз тобында төртінші орында қалды. Ал Солтүстік Македония 13 ұпаймен екінші орынға сырғыды.
Ұлттық құрама іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 15 қарашада Бельгияға қарсы өткізеді.