
Астанада өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алтыншы турындағы матчта Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын 4:0 есебімен ұтты.
Ойын барысында дубль авторы Кенжебек (26’, 59’) екі мәрте көзге түсті. Сондай-ақ Зайнутдинов (28’) пен Қасым (81’) бір-бір голдан соқты.
Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай бар. Ұлттық құрама өз тобында төртінші орында орналасқан.
Келесі кездесу 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македония құрамасына қарсы өтеді.



