
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы бұл кезеңді мінсіз нәтижемен тәмамдап, ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.
Ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы турда қазақстандық су добы шеберлері Таиланд құрамасын 22:4 есебімен ойсырата ұтты.
Осылайша Қазақстан В тобында бірінші орын иеленді. 1/4 финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен күш сынасады.



