Спорт Министрі | Қазақстандық дзюдошылар жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады
ДЗЮДО

Қазақстандық дзюдошылар жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екінші жарыс күні аяқталды.

Бұл күні татамиге үш отандасымыз шыққанымен, олардың ешқайсысы финалдық кезеңге өте алмады.

Омар Нұрбергенов (73 кг дейін) екінші айналымда алжирлік Абдеслам Белбелхаутқа есе жіберді.
Дильназ Досберген алғашқы кездесуінде испан спортшысы Люсия Карпиоға жол берді.
Көркем Орымбек (70 кг дейін) бірінші белдесуінде жапондық Ёсино Такахасиден ұтылып қалды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының әзірге қоржынында бір ғана медаль бар. Оны жарыстың алғашқы күні Дана Әбдірова (57 кг дейін) жеңіп алған болатын — ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button