Спорт Министрі | Анна Данилина Қытайдағы WTA 1000 турнирінде ширек финалға шығу үшін таласады
ТЕННИС

Анна Данилина Қытайдағы WTA 1000 турнирінде ширек финалға шығу үшін таласады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жұптық сайысында сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Отандасымыз сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда америкалық София Кенин мен Дезире Кравчикті 6:4, 7:5 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды.

Енді Данилина мен Крунич ширек финалға шығу үшін жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букша жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, бұл турнир — Анна Данилина үшін маусымдағы ең ірі жарыстардың бірі болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button