Спорт Министрі | «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реал Мадридтен» ірі есеппен ұтылды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реал Мадридтен» ірі есеппен ұтылды

Алматыда өткен Чемпиондар лигасының 2-тур ойынында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» командалары кездесті. Кездесу қонақтардың айқын басымдығымен аяқталды – 0:5.

Алғашқы голды 25-минутта пенальтиден Мбаппе соқты. Екінші таймда француз шабуылшысы тағы екі мәрте (52’ және 74’) көзге түсіп, хет-трик жасады. 83-минутта Камавинга, ал қосымша уақытта Диас есепті түйіндеді.

Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын ала алмады. Алматылық клубтың келесі ойыны 21 қазанда «Пафосқа» қарсы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button