Спорт Министрі | Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
ТЕННИС

Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

1/8 финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, америкалық Николь Меликар мен ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.

Матч қорытындысы бойынша Данилина мен Крунич 7:5, 3:6, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button