
Бүгін Алматыда өтетін Чемпиондар Лигасының 2-туры аясындағы тарихи кездесу – Қайрат пен Реал Мадрид арасындағы матчқа жасанды интеллект арнайы талдау жүргізді.
ЖИ қандай факторларды қарады?
-
Екі команданың соңғы бес ойынындағы нәтижелері мен формасы;
-
Тактикалық ерекшеліктері мен ойын стильдері;
-
Жарақаттар мен дисквалификациядағы ойыншылар;
-
Негізгі жұлдыздардың физикалық дайындығы мен көңіл-күйі;
-
Алматыдағы ауа райы, биіктік ерекшелігі және ұзақ сапардың әсері;
-
Командалардың мотивация деңгейі.
Талдау нәтижесі
ЖИ сараптамасы бойынша, Қайрат өз алаңында қорғанысқа сүйеніп ойнайды. Негізгі шабуылшыларының жарақатына байланысты алаң иелерінің шабуылдағы мүмкіндігі шектеулі. Ал Реал Мадрид соңғы турдағы Атлетикодан жеңілістен кейін есесін қайтаруға бар күшін салмақ.
Ойын сценариі:
-
Бірінші таймда Реалдың қарқыны мен қысымының нәтижесінде алғашқы гол соғылуы мүмкін.
-
Екінші таймда тәжірибесі мен шабуылдағы басымдығы артықшылық беріп, мадридтіктер қарсы шабуылдарды тиімді пайдаланады.
Болжамды есеп
ЖИ болжамы: Реал Мадрид – 3:0.
Гол соғуы мүмкін ойыншылар: Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, сондай-ақ Родриго немесе Арда Гүлер.