ТЕННИС
Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалын жеңіліспен бастады

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан әйелдер құрамасы АҚШ командасымен кездесуде.
Алғашқы болып кортқа шыққан Юлия Путинцева әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварромен ойнады. Үш сетке созылған тартысты матчта америкалық спортшы 7:5, 2:6, 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.
Келесі матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы Джессика Пегулаға қарсы өнер көрсетеді.