Спорт Министрі | Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне Қазақстан құрамасы қатысады
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне Қазақстан құрамасы қатысады

19 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін соңғы іріктеу турнирі басталады.

Қазақстан құрамасы екі бағдарламада өнер көрсетеді. Ерлер арасындағы жекелей сайыста ел намысын Диас Жиренбаев қорғайды. Қосалқы тізімге Никита Кривошеев, Олег Мельников және Артур Смағұлов енгізілген.

Ал мұздағы биден Қазақстан атынан жұп Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова сынға түседі.

Айта кетейік, жекелей сында үздік бес спортшы Олимпиада жолдамасын алса, мұздағы биден төрт жұпқа лицензия беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button