
Маусым барысында барлығы 1781 кездесу өткізіліп, 8585 жас футболшы өнер көрсетті. Олардың 7260-ы ұл бала болса, 1325-і қыз бала.
Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты бес жас санаты бойынша ұйымдастырылды. Алматының «Қайрат» клубы екі жас санатында чемпион атанса, «Оңтүстік» академиясы, «Елімай» және «Жеңіс» командалары бір-бір алтын жүлдеден иеленді.
Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері:
| Туған жылы | Алтын | Күміс | Қола |
|---|---|---|---|
| 2009–2010 | «Оңтүстік» | «Жеңіс» | «Алтай Өскемен» |
| 2011 | «Елімай» | «Атырау» | «Жеңіс» |
| 2012 | «Жеңіс» | «Атырау» | «Оңтүстік» |
| 2013 | «Қайрат» | «Алтай Өскемен» | «Шахтер» |
| 2014 | «Қайрат» | «Ақтөбе» | «Жеңіс» |
Сонымен қатар 2013 жылдан кейін туған футболшылар арасында Қазақстан кубогы өткізілді. 16 команда қатысқан жарыста алматылық «Қайрат» жеңімпаз атанды. «Жеңіс» күміс, «Ордабасы» қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан футбол федерациясы жас футболшыларды тұрақты чемпионаттарға даярлау мақсатында «Арман», «Жастар», «Дарын» және «Жалын» республикалық турнирлерін де ұйымдастырды. Әр жарысқа 24 командадан қатысып, 60 кездесуден өткізді. Бұл турнирлерде қорытынды орындар анықталған жоқ.
Қыздар футболында ел чемпионаттары үш жас санаты бойынша өтті. Маусым қорытындысында «Тараз», «Қайрат» және «Атырау» командалары чемпион атанды.
Қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаттарының жүлдегерлері:
| Жарыс | Алтын | Күміс | Қола |
|---|---|---|---|
| Zhuldyz League (2010–2011) | «Тараз» | «Атырау» | «Каспий» |
| Balgyn League (2012–2013) | «Қайрат» | «Астана» | «Тобыл» |
| Umit League (2014–2015) | «Атырау» | «Қайрат» | «Астана» |
Қыздар арасындағы ең ауқымды жарыс Balgyn League болды. Оған 22 команда мен 550 футболшы қатысты. Zhuldyz League жарысында 13 командадан 325 футболшы, ал Umit League турнирінде 18 командадан 450 футболшы өнер көрсетті.
Маусым соңында әр чемпионаттың үздік қақпашылары, қорғаушылары, жартылай қорғаушылары, шабуылшылары, сұрмергендері мен үздік ойыншылары анықталды. Қыздар арасындағы чемпионаттарда үздік бапкерлер де марапатталды.



