
Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Лалитпен кездесті.
Исхар Курбаев қарсыласынан басым түсіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, қазақстандық балуан өз жерінде өтіп жатқан әлем біріншілігінің қола медалін иеленді.
25 қазанда Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бозкілемге шығады.
Фото: Сали Сабиров



