ДЗЮДО

Қазақстандық 22 дзюдошы Душанбедегі Гран-при турниріне қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін дзюдодан Гран-при турнирінде бақ сынайды.

24-25 қазан күндері ұйымдастырылатын халықаралық жарыста Қазақстан атынан 22 спортшы өнер көрсетеді. Оның 13-і ерлер, тоғызы әйелдер арасындағы бәсекеге қатысады.

Ерлер құрамасы:

  • 60 келі: Сейітжан Маметов, Әбдіманап Әкежан

  • 66 келі: Жылқайдар Мұхаммедәли, Бақдәулет Қабдешов

  • 73 келі: Амир Рахимжанов, Темірлан Кенжалиев

  • 81 келі: Мырзатай Қыдырбай, Ералы Кенесқан

  • 90 келі: Діннұр Көреген, Ерасыл Черийаздан

  • 100 келі: Берікбол Жұманбеков

  • +100 келі: Бейбарыс Сұлтан, Шерхан Алпанов

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келі: Ұлбосын Абдукаримова, Злата Швайгерт

  • 57 келі: Кира Хегай, Муслима Қобландықызы

  • 63 келі: Нұрсезім Тұрлыбек

  • 70 келі: Гүлдана Марлен

  • 78 келі: Салтанат Ахметова

  • +78 келі: Айымзада Думанқызы, Рамиля Арстанбекова

Қазақстандық дзюдошылар ерлер арасында жеті, әйелдер арасында алты салмақ дәрежесінде жүлделер үшін күреседі.

Душанбедегі Гран-при турнирі 24 қазанда басталып, 25 қазанда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button