
18-28 қазан аралығында Шымкент қаласында нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңі ұйымдастырылады.
Халықаралық жарысқа Қазақстан атынан 50-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Олардың қатарында ұлттық құраманың жетекші мергендері Александра Ле, Ислам Сәтпаев, Әсем Орынбай, Валерий Рахымжан және Никита Чирюкин бар.
Спортшылар нысана көздеу және стенд ату бағдарламалары бойынша өзара сынға түседі.
Шымкенттегі Гран-при кезеңі 18 қазанда басталып, 28 қазанда аяқталады.



