ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Софья Самоделкина Алматыдағы Денис Тен мемориалында өнер көрсетеді

8 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады. Жарыста Қазақстан атынан тоғыз спортшы сынға түседі.

Ерлер арасындағы жекелей сында ел намысын Диас Жиренбаев қорғайды.

Әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина және Нұрия Сүлеймен өнер көрсетеді.

Мұздағы би бағдарламасында Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев Қазақстан атынан жарыс жолына шығады.

Алматыдағы халықаралық турнир 11 қазанда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button