
11-13 қыркүйек аралығында Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан Hungary Grand Slam 2026 халықаралық турнирі өтеді. Әлемдік додаға 70 елден 530 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан құрамасы жарысқа 12 дзюдошымен қатысады.
Ерлер:
60 кг: Нұрәділ Әлжан, Мағжан Шамшадин
66 кг: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр
73 кг: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 кг: Досхан Жолжақсынов
90 кг: Ермахан Ануарбеков, Даниил Крылов
100 кг: Асқар Біржанов
Әйелдер:
48 кг: Диана Буркеева
+78 кг: Ақерке Рамазанова
Будапешттегі Grand Slam турнирі үш күнге созылып, 13 қыркүйекте мәресіне жетеді.



