
Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турынан кейін ФИФА рейтингінде тағы бір саты төмендеді.
Қыркүйек айында ұлттық құрама әлемдік рейтингте 111-орында тұрған. Соңғы кездесулерден кейін Қазақстан 116-орынға түсіп, Фарер аралдарымен өткен матчтан соң 117-сатыға сырғыды.
Қазақстанмен бір топта өнер көрсететін Словакия құрамасы 45-орнын сақтап қалды. Фарер аралдары үш саты төмендеп, 126-орынға жайғасты. Молдова құрамасы 158-орында тұр.
Ұлттар лигасының төртінші турында Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түскен болатын.



