ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарын жеңе алмады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турында Фарер аралдарымен тең түсті. Өз алаңында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Матчтағы есепті 22-минутта Фарер аралдарының ойыншысы Кнудсен ашты. 63-минутта Тури қонақтардың басымдығын екі допқа жеткізді.

Қазақстан құрамасы 68-минутта Сергей Малыйдың голынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Ал 76-минутта Нұралы Әліп есепті теңестірді.

Кездесудің 65-минутында Фарер аралдарының сапынан Агнарсон алаңнан қуылды. 85-минутта Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый да қызыл қағаз алып, ойынды мерзімінен бұрын аяқтады.

Нәтижесінде Қазақстан мен Фарер аралдары 2:2 есебімен тең түсіп, бір-бір ұпайдан еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button