
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Давлатов финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Әзірбайжан өкілі Ахмад Юсифовпен кездесті.
Финалда қазақстандық дзюдошы қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтады.
Осылайша, Шерзод Давлатов Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының күміс медалін салды.



